15
февраль
2023
"Анаға тағзым" орталығында 10 "Ә" сыныбы
Халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрінен үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында №35 орта мектеп оқушыларының қатысуымен жетекшісі Г.Бекетаева, мектеп кітапханашылары, Ғ.Мұратбаев атындағы кітапхана қызметкерлері "Анаға тағзым" орталығында "Салт-дәстүріміздің қыз тәрбиесіндегі рөлі" тақырыбында "іс-шара өткізді. Іс-шара салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз бен ұлттық құндылықтарымыз туралы жүргізуші Гүлжан Бошаеваның ақпарат беруімен басталып, қазақтың салты құдалықтың жөн-жоралғыларын дәріптейтін "Қыз айттыру" және "Сырға салу" салтынан көрініс көрсетумен ұласты. Көріністе қазақтың құда түсу салты кеңінен дәріптеліп, ұмыт бола бастаған жөн-жоралғылар көрсетілді. Сонымен қатар "Ата салтым-асыл мұрам" тақырыбында кітап көрмесі ұсынылып, ондағы кітаптарға кітапханашы Бағира Бұлтанқұлова библиографикалық шолу жасап өтті. Іс-шарамыз кітапхана меңгерушісі Жанагүл Тоқмырзақызы салт-дәстүр туралы жастарға айтқан сөзімен аяқталып, ән шашумен ұласты.