«Краевед» әдістемелік бірлестігі өткізген онкүндіктің сараптамасы » СШ №35
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 56-86-90
Есепші бөлімі:
+7(7262) 56-86-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Краевед» әдістемелік бірлестігі өткізген онкүндіктің сараптамасы
26
март
2018

«Краевед» әдістемелік бірлестігі өткізген онкүндіктің сараптамасы

«Краевед» әдістемелік бірлестігі өткізген онкүндіктің сараптамасы
(Мерзімі 26.02.2018ж - 6.03.2018ж)

«Біздің мақсатымыз – өзгермелі әлемдегі жаңа жағдайларда тек тірі қалу емес, сондай-ақ бұрынғы табыстарымызды нығайта, осы жаңа әлемге өзіміздің ықпал ету мүмкіндігімізді кеңейте отырып, дамуымызды жалғастыру»
Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту аясында, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру.
Міндеттері:
- Жаңартылған білім мазмұны арқылы оқытудың тиімді жолдарын түсінеді;
- Оқу мақсатына қол жеткізу үшін интербелсенді әдістер арқылы тапсырмалар дайындап оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады;
- География, биология, химия пәндері мұғалімдері өзара тәжірибе алмасады.
«Краевед» әдістемелік бірлестігінің онкүндігі «Онкүндіктің ашылу салтанатынан» басталды. Бұл іс-шараға жауапты болып Р.А.Минжасарова мен Ә.С.Бектасова бекітілді. Іс-шараға 6-9 сынып оқушылары қатысты. Салтанатты іс-шара 7 «В» сынып оқушысы Бақыт Диярдың орындауындағы партиоттық әнмен басталды. Іс-шара барысында оқушылар биология, химия, география пәндеріне байланысты өлең шумақтарын оқып, көрермендерге осы аталған пәндер бойынша сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушыларға тәтті шоколадтар берілді. Іс-шара соңында аталған пәндер бойынша мұғалімдердің білімдері сыналды. Онкүндік барысында 6 -10 сыныптар арасында «Ең белсенді сынып» және 6-8 сыныптар арасында «Жас жаратылыстанушылардың жобасы» байқауы ұйымдастырылды.
Бірлестіктегі барлық мұғалімдер онкүндікке жоғары деңгейде ат салысты. Ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шара және lesson study өткізу барысында мұғалімдер әр түрлі әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер, АКТ мүмкіндіктерін пайдалана білді. Соның арқасында оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, жаңа материалды жылдам игеруіне қол жеткізді.
Сабақ барысында әр түрлі қызықты мәліметтер қамтылып, мұғалімдер теория мен тәжірибені ұштастыра білді. Сол арқылы оқушылардың белсенділігін жоғарылатты. Ашық сабақтарға мұғалімдер шақырылып, сабақ берген мұғалімдерге жетістіктері мен кемшіліктері айтылды.
География пәнінің мұғалімі Н.Н.Таукенова, жоғары білімді, II санатты, еңбек өтілі 18 жыл 7 ай. 5 «В» сыныбымен «Рухани жаңғыру: Сохранение национальной идентичности» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. Сыныптан тыс сабақтың негізгі мақсаты қазақ халқының бай әдеп-ғұрыптарымен, салт-дәстүрімен оқушыларды таныстыру. Іс-шара Әнұранмен басталды. Оқушылар әнұран айтып болған соң, 3 топқа бөлінді.
7 «Б» сынып оқушысы Бекжанов Ардақ оқушыларға ұлттық ойын «Асықты» ойнау ережесімен таныстырып, сыныптағы ұлдар ойнап көрді. Келесі тапсырма қыздарға арналды «Текемет» басу.Содан соң мұғалім оқушыларға қазақ халқының ұлы ғұламаларының суретін көрсетіп, оқушылардан сол кісілердің есімдерін сұрады. Келесі кезеңде әр топқа 10 сұрақтан тұратын сұрақтар таратылып берілді, оқушылар жылдам жауап берді. 7 «Б» сынып оқушысы Кутузова Мария қазақ тілінде «Отан» өлеңін нақышына келтіріп оқыды. Келесі тапсырма ұлдарға «Арқан өру» және қыздарға «Ою-өрнекті» өз қолдарымен жасау тапсырылды. Іс-шара соңында сабаққа қатысқан мұғалімдерге кері байланыс парағын толтыру ұсынылды. Сыныптан тыс сабақ өте жақсы өтті, сабақ өз мақсатына толығымен жетті.
География пәнінің мұғалімі Р.А.Минжасарова, жоғары білімді, санаты жоқ, еңбек өтілі 7 жыл 2 ай. 6 «Д» сыныбымен «Жел, негізгі түрлері және себептері, ауа массалары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер қолданды. Мысалы: «Киім ілгіш» стратегиясы, «Төңкерілген сұрақ», «Миға шабуыл», «Ойлан, бірік, бөліс» секілді әдістер пайдаланды. Сабақтың барлық кезеңдері қамтылды. Мұғалімге ұсыныс ретінде орысша баламаларды қазақша айту ұсынылды, себебі ашық сабақ қазақ сыныбында өтілді.
География пәнінің мұғалімі Н.Ш.Жанадилов, жоғары білімді, санаты жоқ, еңбек өтілі 3 жыл 7 ай. Апталықтың өтілу барысы қалалық семинармен тұспа-тұс келді. Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша 7 «Г» сыныбымен «Дүниежүзі халқының діни құрамы» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақ өте жүйелі құрылған. Оқушылар өте белсенді қатысты. Мұғалім сабақ барысында АКТ көптеген мүмкіндіктерін қолданды. Атап айтатын болсақ «Kahoot», «Plickers» бағдарламалары, Bilimland сайтындағы тапсырмалар. Оқушылар әр түрлі тапсырмалар орындады, әр тапсырмаға дескриптор беріліп отырды. Жаңа әдіс-тәсілдер пайдаланды, «Поле чудес», «Чемодан.Ет тартқыш.Қоқыс жәшігі». Оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы қалыптастырушы бағалады. Жалпы қалалық семинарға келген мұғалімдердің кері байланысын оқи келе сабақ жоғары дәрежеде өткенін айтуға болады.
Биология пәнінің мұғалімі Ә.С.Бектасова, жоғары білімді, санаты жоқ, еңбек өтілі 8 ай. 8 «А» сыныбымен тізбектелген үш сабақ, яғни lesson study өткізді. Әр сабақта оқушыларға әр түрлі тапсырмалар берілді. Атап айтатын болсақ логикалық тапсырмалар, постер қорғау, ағылшын тіліндегі тапсырмалар және оқушыларға деңгейлеріне байланысты да әр түрлі тапсырмалар берілді. Сабақтың барлық кезеңдері қамтылды.
Биология пәнінің мұғалімі Е.М.Шпекова, жоғары білімді, II санатты, еңбек өтілі 5 жыл 6 ай. Апталықтың өту уақыты қалалық семинармен тұспа-тұс келуімен байланысты 11 «А» сыныбымен « Әлеуметтік дарвинизм және нәсілшілдіктің кертартпалық мәні» атты тақырыпта қалалық семинарда ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім CLIL методикасы бойынша тек оқушыларға бағыт бағдар беріп отырды. Әр тапсырманың алдында оқушыларға нұсқаулық берілді, сол нұсқаулық бойынша оқушылар тапсырмаларды өздері орындады. Оқушылар өте белсене қатысты және өз ойларын емін-еркін жеткізді. Сабақ барсында көптеген әдіс-тәсілдер қолданды. Атап айтсақ «Fill in the table», «КӘМТ», «Фишбоун», «Кезбе тілші», «Миға шабуыл» , «Топтық жұмыс», «Ойлан,жұптас,бөліс», Шульманның «Үш көмекшісі», «Plickers». Қалалық семинарға қатысқан мұғалімдердің кері байланыс парағына жазған мәліметтерін оқып, сабақ жоғары деңгейде өткенін айтуға болады.
Қалалық семинарда Н.Ш.Жанадилов пен Е.М.Шпекова 8 сыныптар арасында «Жеті қарақшы» атты интеллектуалды сайыс өткізді. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Қалалық семинарға қатысушы мұғалімдерден әділ қазы алқазы сайланды. Оқушылар сайысқа өте белсене қатысты.Әр кезеңде түрлі тапсырмалар орындады. Атап айтсақ топтарын таныстыру, биология және география пәндеріне байлынысты сұрақтарға жауап беру, логикалық сұрақтарға жауап беру, видеосұрақтар және топ басшыларына арналған сұрақтар. Соңғы кезең көрермендерге арналған кезеңде мұғалімдерге «Kahoot» бағларламасы бойынша 10 сұрақ қойылды.Іс-шара соңында сайысқа қатысқан топтар марапатталды.
Химия жыл пәнінің мұғалімі К.Б.Киргизбаева, жоғары білімді, II санатты, еңбек өтілі 18 жыл 10 ай. 8 «Г» сыныбымен тізбектелген үш сабақ, яғни lesson study өткізді. Әр сабақта оқушыларға түрлі тапсырмалар берілді. Мұғалім тек бағдар беріп отырды, оқушылар жаңа тақырыпты өздері түрлі тәжірибе жасау арқылы ашты. Проблемалық сұрақтар қойылды және өмірмен байланысты мысалдар келтірілді. Сабақтың барлық кезеңдері қамтылды. Мұғалімге ағылшын тіліндегі баламаларды қолдану ұсынылды.
Биология пәнінің мұғалімі Т.В.Ким денсаулығына байланысты онкүндіктен босатылды.
Онкүндіктің аяқталуы «Онкүндіктің жабылу салтанатымен» аяқталды. Бұл іс-шараға 6-10 сынып оқушылары белсене ат салысты. Салтанатты іс-шараға А.К.Есдаулетова жауапты болып бекітілді. Ән де айтылды, би де биленді.Мектеп директоры сахнаға шақырылып, «Ең белсенді сынып» және «Жас жаратылыстанушылардың жобасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

«Ең белсенді сынып» байқауының жеңімпаздары:
I орын – 8 «Г» сынып
II орын – 8 «Д» және 7 «Г» сыныптар
III орын - 11 «А» және 8 «А» сыныптар
«Жас жаратылыстанушылардың жобасы» байқауының жеңімпаздары:
I орын – 6 «А» сынып оқушылары Берик Нуржас
Пашиева Ира, Петренко Александра, Илесова Алина
II орын – 6 «Б» сынып оқушысы Мамеджанова Малика
6 «Г» сынып оқушысы Ақмырза Арайлым
7 «А» сынып оқушысы Джеджора Валерия
III орын – 6 «Д» сынып оқушысы Тұңғышбаев Нұрназар
7 «А» сынып оқушысы Бутурлина Валерия
7 «А» сынып оқушысы Тэн Эльза
Жүлделі орын алған оқушылар сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты кешті 6 «Г» сынып оқушылары «Менің Қазақстаным» атты әнге флешмоб билеу арқылы аяқтады.


Ұсыныстар:
 Бірлестік мұғалімдеріне сыныптан тыс іс-шараларды жиірек өткізу
 Жас мамандарға алдыңғы қатарлы мұғалімдердің сабақтарына қатысу
 Сабақ барысына үштілділікті енгізу


Бірлестік жетекшісі Е.М.Шпекова

Скачать фотографии декады
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Гость AndrewLes
6 апреля 2021 16:43
микрозайм онлайн на киви кошелек без банковской карты

---

бабло побержает зло

---

гелевые шары недорого

---

праздник не праздник без шариков

---

семена томатов почтой

---

огородникам на заметку

---

зайти в госуслуги по номеру снилс личный кабинет вход онлайн

---

советы и статиь для госуслуг

---

гелиевые шары цена

---

просто блсек

активация windows 7
Dale
14 августа 2021 12:57
Нашел интересный сайт рекомендую ознакомиться голые девушки
메이저사이트
6 сентября 2022 17:27
Nice to meet you. Your post is so helpful to me. I hope to see more good posts in the future. I always look forward to your posts. :) 메이저사이트
nerkolwerlok
5 февраля 2023 10:25
Подетальнее тогда

икс бокс 360 скачать игры
klsieolwerlok
5 февраля 2023 13:02
Поподробнее после этого

xbox 360 torrent
asd
asd
4 октября 2023 08:04
1.카지노사이트 추천,카지노사이트 검증,카지노사이트 주소,카지노사이트 순위,
슬롯사이트 추천,슬롯사이트 검증,슬롯사이트 순위,슬롯사이트 주소

https://start.me/p/wMno27
https://start.me/p/p1g5aG
https://www.geogebra.org/m/xjkn69fv
https://www.geogebra.org/m/kd28zkyf

카지노사이트
슬롯사이트
카지노사이트
슬롯사이트
슬롯사이트
카지노사이트