02
февраль
2018
Келешекке кемел біліммен
Аркадий Гайдар атындағы № 35 орта мектебінде Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру » Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізі атты мақаласы аясында қараша айының екінші жұлдызында «Білім мазмұнын жаңарту- қоғамның ертеңі мен тұрақты дамуының негізі» атты сынып жетекшілерге арналған семинар болып өтті. Семинарда мектеп директоры С. Кенесариев сөз алып, аталған мақаланың маңызы зор, саяси реформа мен экономикалық жаңғырудың негізгі тетігі екенін атап көрсетті. Мектеп басшысы сынып жетекшілерге қиын да қызықты жұмыстарына сәттілік тілеп, өткен оқу жылында Шебер- сынып сағаттарын берген сынып жетекшілерді марапаттап, сый- сияпат көрсетті. Семинарда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Рахимова «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы сынып жетекшісінің ролі» атты тақырыпта баяндама оқыды. Баяндамашы Елбасы мақаласының мәні мен мазмұнды тұстарын, Қазақстанның рухани өркендеуі , тәуелсіз еліміздің жетістігінің бірі екенін тілге тиек етті. Тарих пәнінің мұғалімі Л. Рысмұханова «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру » Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізі атты Елбасы жолдауымен сынып жетекшілерді таныстырып, талқылады. Мақалада атап өткендей, еліміздің қасиетті рухани құндылықтары мен ұлттың біртұтастығы мен бірегейлігі баяндамашының пікіріне арқау болды. Сонымен қатар, бастауыш сынып жетекшісі И. Кравцова «Ах, эти трудные родители » атты тақырыпта пікірталас – практикум жасап, жас сынып жетекшілерге көп ой тастады. Әсіресе, «Ең қиын балалармен жұмыс – бұл олардың ата- аналарымен жұмыс » тақырыбындағы технология пәнінің мұғалімі А. Партенованың тренингі көпшіліктің көңілінен шықты. Семинарда сөз алған математика пәнінің мұғалімі ,9 сыныптың сынып жетекшісі Б. Бисембаева «Новые подходы к новому поколению» атты тақырыпта баяндама оқып, сынып жетекшілермен өз тәжірибесін бөлісті. Семинарды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Рахимова қорытындылап, сынып жетекшілердің пікірлерін білді.
Л.Рахимова