Бос жұмыс орнына хабарландыру
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі»
КММ КОНКУРС жариялайды:
Бос орынға конкурс жариялау!
- Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
- Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» (мектеп сайты, фейсбук, инстаграмм) сайттарына жарияланады.
- Конкурс төмендегідей негізгі бос орынға жүргізіледі:
- Тәлімгер 1 бірлік жүктеме, декреттік орын.
- Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі» КММ.
- Мекеменің мекен – жайы: Жайлау 25 «В». «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі» КММ ғимараты.
- Электронды почта: sholla_35_taraz@mail.ru
- Анықтама үшін байланыс телефоны: 31-73-81; +7 705 482 15 80. Қоңыраулар мен өтініштерді қабылдау уақыты: 09:00 – 17:00. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
- Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог-мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс – шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады.
Еңбек ақы төлеу мөлшері, шарттары белгіленген бос немесе уақытша бос лауазым атауы: тәлімгер декреттік орын, 1 бірлік жүктеме еңбек ақысы 120.000 тг.
- Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:
Балалардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің жұмыстарының дамуын қадағалайды
Балалар мен жеткіншектердің қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің бағдарламаларын жасауға көмектеседі.
Балалар мен жеткіншектердің инициативасы, жас ерекшелік қызығушылығына және қажеттілігі бойынша жұмыс атқарады.
Ұжымдық-шығармашылық жұмыс ұйымдастырады.
Балалар мен жеткіншектерді бірлестіктер мен ұйымдардың жұмысымен кең көлемде ақпараттандыруға жағдай жасау.
Білім беру ұйымдарында жалпы –мәдени ,патриоттық жұмыстар жүргізеді.,сынып жетекшілеріне (ұйымдастырушыларды)іріктеу мен дайындау жұмыстарын жүргізеді.
Өзінің кәсіптік білімін жетілдіріп отырады, балалармен және жеткіншектермен жұмыс істеуде озық тәжірибелерді қолданады.
Балалар бірлестіктері мен ұйымдары ұжымын жұмыс істейтін ересек жетекшілерді (ұйымдастырушыларды) іріктеу мен дайындау жұмыстарын жүргізеді.
Білім беру ұйымдарының педогогикалық ұжымымен және қоғамдық ұйымдармен, оқушылардың ата-аналарымен немесе олардың орнын ауыстыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Жұмыс уақыты: 09:00-17:00.
- Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 09 – 17 қаңтар күндері аралығында мектептің қабылдау бөлмесінде құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Конкурс өткізу күні: 2024 жылдың 18-24 қаңтар күндері аралығында.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 118 – тармағына сәйкес (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
118 –тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі:
- Осы Қағидаларға 10 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса;
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
- Наркологиялық ұйымнан анықтама.
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагогмодератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы куәлік (бар болса);
- Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог- модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificat in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) -6.5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT) – 60 – 65 балл; болу керек .
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
- 11 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
- Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентация кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 х 480.
- Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми /академиялық дәрежелер мен атақтар беру ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Педагогтың уақытша бос лауазымының мерзімі: негізгі қызметкер жұмысқа қайта шыққан уақытқа дейін.
Конкурстық құжаттар «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі» КММ қабылдау бөлімінде қабылданады.