Бос жұмыс орнына хабарландыру » СШ №35
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 56-86-90
Есепші бөлімі:
+7(7262) 56-86-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос жұмыс орнына хабарландыру
15
сентябрь
2023

Бос жұмыс орнына хабарландыру

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі»
КММ КОНКУРС жариялайды:

• Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
• Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» (мектеп сайты, фейсбук, инстаграмм) сайттарына жарияланады.
• Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос орынға жүргізіледі:
• Инклюзия кабинетінің психологы (орыс және қазақ тілінде оқитын сыныптарға) – 1 бірлік, педагог-модератор біліктілік санаты міндетті (декреттік орын);
• 2023 жылдың 15 – 25 қыркүйек күндері аралығында мектептің қабылдау бөлмесінде құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
• Конкурс өткізілетін орын:
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі» КММ
Мекеменің мекен – жайы: Жайлау 25«В». «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі» КММ ғимараты.
Электронды почта: sholla_35_taraz@mail.ru
Анықтама үшін байланыс телефоны: 31-73-81; +7 700 120 69 91. Қоңыраулар мен өтініштерді қабылдау уақыты: 09:00 – 18:00. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
• Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама.
9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагогмодератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы куәлік (бар болса);
10) Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог- модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificat in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) -6.5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT) – 60 – 65 балл; болу керек .
11) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентация кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 х 480.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив