Бос жұмыс орнына хабарландыру » СШ №35
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 56-86-90
Есепші бөлімі:
+7(7262) 56-86-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос жұмыс орнына хабарландыру
29
ноябрь
2023

Бос жұмыс орнына хабарландыру

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі»
КММ КОНКУРС жариялайды:

Бос орынға конкурс жариялау!
1.Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
-Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» (мектеп сайты, фейсбук, инстаграмм) сайттарына жарияланады.
-Конкурс төмендегідей негізгі бос орынға жүргізіледі:

-Педагог-ассистент – декреттік орын, 1 бірлік жүктеме;

-Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі» КММ.
- Мекеменің мекен – жайы: Жайлау 25 «В». «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі» КММ ғимараты.
-Электронды почта: sholla_35_taraz@mail.ru
-Анықтама үшін байланыс телефоны: 31-73-81; +7 705 482 15 80. Қоңыраулар мен өтініштерді қабылдау уақыты: 09:00 – 17:00. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

2.Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын;
-Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
-Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарын;
- білім беру бағыттары мен даму перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
- жалпы теориялық пәндердің негіздерін педагогикалық, әдістемелік, ұйымдастырушылық-басқару міндеттерін шешу үшін қажетті көлемде; жалпы және коррекциялық педагогика, балалар, ересектер, әлеуметтік, арнайы психология негіздерін; қарым-қатынастар психологиясын, балалар мен жасөспірімдердің жеке және жас ерекшеліктерін, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын; инклюзивті білім беру негіздерін; педагогикалық этиканы; тәрбие жұмысының, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесін; әртүрлі жастағы білім алушылармен және олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен, жұмыс бойынша әріптестермен байланыс орнату, өз ұстанымына сендіру, дәлелдеу әдістерін; қақтығыс жағдайлардың себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу технологияларын; экология, экономика, құқық, әлеуметтану негіздерін; әкімшілік, еңбек заңнамасын;
- мәтіндік редакторлармен, электрондық кестелермен, электрондық поштамен және браузерлермен, мультимедиялық жабдықпен жұмыс істеу негіздерін білуге тиіс.

Лауазымдық міндеттері:
- Білім беру ұйымы білім алушыларының қызығушылықтарын анықтау, қалыптастыру және дамыту бойынша олармен жеке жұмыс процесін ұйымдастырады. Білім алушылардың қызығушылықтарын, басқа қызығушылықтармен, оқыту пәндерімен, тәрбие, сабақтан тыс жұмыстың бағыттарымен синтездейді.
- Басқа мамандармен бірлесіп, білім алушылардың жеке білім беру бағдарламаларын әзірлейді, сүйемелдеуді және түзетуді жүзеге асырады, білім алушылардың бастапқы мүмкіндіктерін, ресурстарын және дефициттерін бағалауды ұйымдастырады.
- Білім алушылардың жеке білім беру бағдарламаларын іске асыру тиімділігін бақылайды және бағалайды.
- Баланың мүмкіндіктері мен әлеуетін ескере отырып, оны дамыту үшін жағдайлар ұйымдастырады, білім алушылардың табысты оқуы және әлеуметтік бейімделуі үшін білім беру кеңістігін кеңейтеді.
- Ата-аналармен және/немесе өзге де заңды өкілдермен және басқа мамандармен бірлесіп, жеке білім беру бағдарламаларын құру және іске асыру үшін, білім алушыларды дамыту және әлеуметтік бейімдеу үшін білім беру ресурстарын іздеуді жүзеге асырады.
- Білім алушылардың қызығушылықтарын анықтау, қалыптастыру және дамыту, білім алушылардың жеке білім беру бағдарламаларын құру, түзету бойынша ата-аналармен және/немесе өзге де заңды өкілдермен өзара ісқимыл жасасуды ұйымдастырады, олардың іске асыру барысы мен нәтижелерін олармен талқылайды.
- Білім алушылармен (білім алушылар тобымен) әртүрлі коммуникация технологиялары мен тәсілдерін пайдаланып, қызметті сапалы іске асыру үшін электрондық формаларды (интернет-технологияларды) қосып, білім алушылардың жеке білім беру қозғалысы, қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту және іске асыру мәселелері бойынша ата-аналар және/немесе өзге де заңды өкілдер үшін жеке және топтық консультациялар ұйымдастырады.
-Білім беру ортасының барлық субъектілері (жеке оқушылармен және топпен, ата-аналармен және/немесе өзге де заңды өкілдермен, мұғалімдермен, мамандармен, басшылықпен) арасында педагогикалық өзара іс-қимыл жасасудың әртүрлі тәсілдерін іске асырады.
- Жеке білім беру бағдарламасын іске асыру және коррекциялау үшін білім алушының мұғалімдермен және басқа да мамандармен өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастырады, оның шығармашылық әлеуетін түрлендіруге және қызығушылықтарын ескере отырып, сабақтан тыс әрекетке қатысуға көмектеседі.
- Кәсіби дайындық бойынша білім алушыларды білім беру кеңістігінде дербес сүйемелдеуді ұйымдастырады, білім алушылардың кәсіби сынақтардан өтуін іске асыру үшін серіктестер іздеуге және тартуға ықпал етеді.
- Жеке білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде білім алушылардың даму динамикасына мониторинг жүргізеді.
- Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, әдістемелік жұмыстың басқа да түрлеріне, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелік және білім беру ұйымының білім беру бағдарламасында көзделген басқа да ісшараларды дайындауға және өткізуге, білім алушылардың ата-аналарына және/немесе өзге де заңды өкілдеріне әдістемелік және консультативтік көмек ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.
-Білім беру процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
-Еңбекті қорғау, санитарлық және өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындайды.
- Тиісті құжаттаманы жүргізеді. Тұлғаның және оның шағын ортасының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін, өмір салтын зерделейді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, проблемаларын, қақтығыстық жағдайларын, мінезқұлқындағы ауытқушылықтарды анықтайды және оларға уақтылы көмек пен қолдау көрсетеді.
- Коррекциялық-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, формаларын, әдістерін, ЕБҚ бар баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар тұлғасының құқықтары мен бостандықтарын қорғау және іске асыруға көмектесу бойынша шаралар қабылдайды;
- Білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар мен білім беру ұйымы, отбасы, орта, әртүрлі дәрігерлік-әлеуметтік қызметтер мамандары, ведомстволар және әкімшілік органдар арасында делдал болды;
-Әр сатыда педагог-ассистент баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін бақылайды және ол туралы ата-аналарға және барлық білім беру процесіне қатысушыларға хабарлайды, қажет болған жағдайда, балаға мамандардан консультация алуды ұйымдастырады, ерекше білім беру қажеттіліктері бар баламен айналысатын басқа ұйымдардың мамандарымен ынтымақтастық орнатады.

Еңбек ақы төлеу мөлшері, шарттары белгіленген бос немесе уақытша бос лауазым атауы: педагог-ассистент уақытша орын, 1 бірлік жүктеме еңбек ақысы 100.000 тг аралығында.
3.Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:
-ерекше білімді қажет етеін оқушылармен жұмыс істей алу ;
-әдіскер қызметіне «Дефектология» бөлімі бойынша жоғары педагогикалық білімі бар маман тағайындалса;
-жоғары білім және білім бер ұйымдағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
-оқушылармен сөйлеу тілдік дамуындағы әр түрлі деңгейді жұмыс істей алу;
-екі тілді меңгеру;
-инклюзивті білім беру бағыттының жүйесін білу;
жағымсыз мінез-құлқы бар баламен жұмыс жасайтын төзімділік болу.

4.Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 29 – қарашасы мен 06 - желтоқсан күндері аралығында мектептің қабылдау бөлмесінде құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Конкурс өткізу күні: 2023 жылдың 07 - 13 желтоқсан күндері аралығында.

5.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 118 – тармағына сәйкес (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
118 –тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі:
1)Осы Қағидаларға 10 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)Жеке басын куәландыратын құжат;
3)Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса;
4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7)Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
8)Наркологиялық ұйымнан анықтама.
9)Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагогмодератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы куәлік (бар болса);
10)Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог- модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificat in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) -6.5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT) – 60 – 65 балл; болу керек .
11)Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12)11 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13)Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентация кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 х 480.
14)Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми /академиялық дәрежелер мен атақтар беру ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Педагогтың уақытша бос лауазымының мерзімі: негізгі қызметкер жұмысқа қайта шыққан уақытқа дейін.
Конкурстық құжаттар «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі» КММ қабылдау бөлімінде қабылданады.












Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив