Бос жұмыс орнына хабарландыру » СШ №35
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 56-86-90
Есепші бөлімі:
+7(7262) 56-86-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос жұмыс орнына хабарландыру
20
ноябрь
2023

Бос жұмыс орнына хабарландыру

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі»
КММ КОНКУРС жариялайды:

Бос орынға конкурс жариялау!
1. Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
- Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» (мектеп сайты, фейсбук, инстаграмм) сайттарына жарияланады.
- Конкурс төмендегідей негізгі бос орынға жүргізіледі:

- Логопед – декреттік орын, 1 бірлік жүктеме;

- Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі» КММ.
- Мекеменің мекен – жайы: Жайлау 25 «В». «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі» КММ ғимараты.
- Электронды почта: sholla_35_taraz@mail.ru
- Анықтама үшін байланыс телефоны: 31-73-81; +7 705 482 15 80. Қоңыраулар мен өтініштерді қабылдау уақыты: 09:00 – 17:00. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

2. Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті:
Логопед мұғалім төмендегі мәселелерді білуі керек:
- ҚР Конституциясын;
- БҰҰ балалар құқығы туралы конвенциясын;
- «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» заңын;
- «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»заңын;
- Қазақстан Республикасының арнайы және инклюзивтік білім беру мәселелері бойынша заңнаманы;
- кәсіптік және практикалық әрекеттер мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар;
- арнайы педагогика мен арнайы психологияны;
- дефектология мен логопедияның анатомиялық-физиологиялық клиникалық негіздерін;
- дамуында мәселелері бар балаларға әр түрлі түзету көмегін көрсету бойынша заманауи әдіс-тәсілдерді;
- баланың сөйлеу тілдік және жүйкелік-психикалық дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу мен түзетудің әдіс-тәсілдерін;
- сөйлеу тілі дамуында ауытқушылықтары бар балалармен жұмыс бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиетті;
- логопедиялық ғылым мен практикадағы жаңа жетістіктерді.

Лауазымдық міндеттері:
Логопед мұғалімнің міндеттері:
3.1. Кәсіптік әрекетін өзінің құзыреттілігінің аясында жүргізу.
3.2. Оқушыларға психологиялық жайлы және қауіпсіз жағдай тудыруға көмектесу, түзете білім беру үдерісінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтаумен қамтамасыз ету.
3.3. Оқушыларды тексеру, олардың дамуындағы ауытқушылықтарының құрылымы мен байқалу айқындығын анықтау, логопедиялық тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдама жасау және оларды рұқсат етілетін көлемде ата-аналарына және педагогтарға (оқушылар дамуындағы мәселелерде және оларды жеңуде бағдарлау мақсатында) жеткізу.
3.4. Түзету жұмысының міндеттерін, формасын, тәсілдерін анықтау, бастапқы сөйлеу тілдік бұзылыстардың салдарынан туындауы мүмкін туынды бұзылыстардың алдын алу, оқушылардың дамуындағы жүйкелік-психикалық ауытқушылықтарды жеңу, сөйлеу тілдік бұзылыстарды барынша түзетуге бағытталған жеке даму бағдарламасы аясындағы түзете дамыту жұмысын жүргізу; оқушылардың ары қарай қоғамда бейімделуін қамтамасыз ету.
3.5. Балаларды ПМПК-ке, психологиялық, медициналық орталықтарға (қажет болған жағдайда) жіберу.
3.6. Сабақ өткізу үшін оқушыларды психофизикалық, және сөйлеу тілдік жағдайын есепке ала отырып, топтастыру.
- түзете дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын ресурстық қамсыздандыру;
- түзету жұмысын ұйымдастыру барасында педагогтардың және атааналардың кәсіптік құзыретін жоғарылату бойынша шаралар;
- сөйлеу тілдік бұзылыстары бар балалар туралы ақпаратты жинау және қорландыру;
- №ОБМ-інің түзету жұмысы бойынша жобалар мен бағдарламаларды табысты жүзеге асыру үшін қажетті ішкі байланыс жүйесін;
- оқушылармен түзете дамыту жұмысының жеке бағдарламасын жүзеге асыруды мониторигілеу жүйесі;
- түзете дамыта оқыту саласында қабылданған шешімдерді орындау; - оқушыларды ары қарай мектептік және әлеуметтік бейімдеу жұмысын.
3.7. Әзірлеу және пайдалану:
- оқушылардың түзетуге болатын сөйлеу тілінің айтылу, фонематикалық үдерістерінің және лексикалық-грамматикалық бұзылыстарын жоюға бағытталған түзете дамыту жұмысының (апробацияланған және авторлық) бағдарламасын, сабақтар циклын;
- мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды кешенді түрде тексеру мен қолдаудың жеке бағдарламаларын;
- мектеп және жанұя жағдайындағы сөйлеу тілдік бұзылыстары бар оқушылармен жұмыс бойынша педагогтарға, мамандарға және ата-аналарға арналған ұсынымдар.
3.8. Қатысу:
- Қолдау қызметін, психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум жұмысын жоспарлауға;
- әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік жұмыстың басқа түрінің әрекеттеріне;
- Педагогтар кеңесіне, ППҚ қызметінің, психологиялық-медициналықпедагогикалық консилиум (ары қарай ПМПк) отырыстарына;
- ата аналар үшін өткізілетін шараларға (жиналыстар, семинарпрактикумдер, дөңгелек үстелдер және т.б.).
3.9. Оқушылардың сөйлеу тілінің құрылымдық компоненттерін тексеруге және логопедиялық түзете дамыту жұмыстарын жүргізуге арналған көрнекі құралдар мен
3.10. Нормативтік құжаттарға сәйкес өзінің кәсіптік біліктілігін арттыру.

Еңбек ақы төлеу мөлшері, шарттары белгіленген бос немесе уақытша бос лауазым атауы: логопед уақытша орын, 1 бірлік жүктеме еңбек ақысы 100.000 тг аралығында.
- Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:
- Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс істей алу;
- Логопед мұғалім қызметіне «Дефектология» мамандығының «Логопедия» бөлімі бойынша жоғары педагогикалық білімі бар маман тағайындалады;
- дамуында мәселелері бар балаларға әр түрлі түзету көмегін көрсету бойынша заманауи әдіс-тәсілдерді білу;
- Оқушылармен сөйлеу тілдік дамуындағы әр түрлі деңгейді жұмыс істей алу;
- Екі тілді меңгеру

3. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 20 –28 қараша күндері аралығында мектептің қабылдау бөлмесінде құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Конкурс өткізу күні: 2023 жылдың 29 - қарашасы мен 05 - желтоқсан күндері аралығында.

4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 118 – тармағына сәйкес (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
118 –тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі:
1) Осы Қағидаларға 10 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама.
9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагогмодератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы куәлік (бар болса);
10) Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог- модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificat in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) -6.5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT) – 60 – 65 балл; болу керек .
11) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентация кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 х 480.
14) Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми /академиялық дәрежелер мен атақтар беру ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Педагогтың уақытша бос лауазымының мерзімі: негізгі қызметкер жұмысқа қайта шыққан уақытқа дейін.
Конкурстық құжаттар «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі» КММ қабылдау бөлімінде қабылданады.











Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив