Жұмысқа қабылдау » СШ №35
Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№35 орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7262) 56-86-90
Бухгалтерия
+7(7262) 56-86-90
Версия для
слабовидящих
» » Жұмысқа қабылдау
29
июль
2022

Жұмысқа қабылдау

А.ГАйдар атындағы №35 ОМ 2022-2023 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау ағымдағы жылдың 1-20 тамыз аралығында жүргізіледі.
Қазақ тілі мен әдебиеті 1 орын - декреттік -16 сағ,
орыс тілі мен әдебиеті 1 орын - декреттік -16 сағ,
математика 1 орын - декреттік - 20 сағ,
информатика 1 орын - негізгі -16 сағ,
методист 1 жүктеме - декреттік,
логопед 1 жүктеме - декреттік,
педагог-ассистент 1 жүктеме- декреттік
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 ж. №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

МАҢЫЗДЫ!!! Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

* Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" және мектебіміздің http://35-taraz.mektebi.kz/ ресми сайтына жарияланады.

1 тамыздан бастап мектептің қабылдау бөлмесінде құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8.) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

10) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

11) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне,

кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/

академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурс өткізілетін орын:
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің А.Гайдар атындағы №35 ОМ" КММ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Williams Daniel
14 сентября 2022 10:01
Сіздің постыңыздың арқасында мен жұмысқа қабылдау жүргізетін мектептердің жұмысқа қабылдау туралы ақпараты туралы білемін. getting over it Мен кейбір қолайлы мектептерді қарастырамын және өтініш беремін. wordle