01
сентябрь
2023
Бос жұмыс орнына хабарландыру
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі»
КММ КОНКУРС жариялайды:
- Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
- Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» (мектеп сайты, фейсбук, инстаграмм) сайттарына жарияланады.
- Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос орынға жүргізіледі:
- Информатика пәні мұғалімі (аралас қазақ және орыс тілінде оқитын сыныптарға) – 1 бірлік, 16 – сағат;
- Информатика пәні мұғалімі (аралас қазақ және орыс тілінде оқитын сыныптарға) – 1 бірлік, 16 – сағат;
- 2023 жылдың 1 – 11 қыркүйек күндері аралығында мектептің қабылдау бөлмесінде құжаттарды қабылдау жүргізіледі.
- Конкурс өткізілетін орын:
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі» КММ
Мекеменің мекен – жайы: Жайлау 25«В». «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі» КММ ғимараты.
Электронды почта: sholla_35_taraz@mail.ru
Анықтама үшін байланыс телефоны: 31-73-81; +7 700 120 69 91. Қоңыраулар мен өтініштерді қабылдау уақыты: 09:00 – 18:00. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
- Наркологиялық ұйымнан анықтама.
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагогмодератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы куәлік (бар болса);
- Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог- модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificat in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) -6.5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT) – 60 – 65 балл; болу керек .
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
- 11 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
- Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентация кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 х 480.